Добро пожаловать
Вход / Создать Плейлист

Тонналап пияз тиеген жүк көліктері шекарадан аса алмай жатыр

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

URL

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Sorry, only registred users can create playlists.
URL


Добавлено by В
3 Просмотры

Описание

Елде пияз экспортына тыйым салынғаннан кейін Қазақстан мен Ресей шекараларында ұзын-сонар кезек пайда болды. Тонналап пияздарын жүк көліктеріне тиеген кәсіпкерлер өз өнімдерін Ресей аумағына өткізуді талап етеді. Айтуларынша, экспортқа тыйым салынғанға дейін бірнеше күн бұрын рұқсат қағаздарын алып, жолға шыққан жүк көліктерін енді не себепті Ресейге шығармай жатқандарын түсінбейді. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды экспортқа шығаруға тыйым салынатынын он күн бұрын ескерткенін, енді бір де бір пияз тиелген жүк көлігі елден шығарылмайтынын мәлімдеді.
«Үш күннен бері шекара бекетінің алдын күзетіп тұрмыз» деген бұл азаматтар тонналаған пиязды өзге елге апарып сатуы тиіс болған. Қостанай облысындағы «Қайрақ» бекетінде тұрған олар жүк көліктеріне пиязды сыйғанынша толтырып, енді оны сату үшін Ресей аумағына өте алмай тұрғандарын айтады. Кәсіпкерлер 29 қаңтар пияз экспортына тыйым салынғанға дейін рұқсат қағаздарын алып, тіпті жолға шығып кеттік деп отыр. Енді шекарадан өте алмай, жолымыздан бөгелдік деп ашулы.
НҰРБОЛАТ ӘБУБӘКІР, жүк көлігінің жүргізушісі:
– Кешкісін жүкті тиеп, үйге қонып жолға шықтық. Үш күн бойы жолда жүріп, 29 қаңтарда шекараға келдік. Рұқсат қағазымыз одан бұрын алғанбыз. Бізге 28-нен кейін ешкімді шығармаймыз дейді.
Жүргізушілердің айтуынша, жүк көліктері «Қайрақ» бекетінде ғана емес, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарындағы шекарадан өткізу орындарында да бірнеше күннен бері тұр. Қазір әрбір шекара бекетінде жиырмаға жуық жүк көлігі қаңтарылып тұрғанын айтады. Тыйымға дейін құжаттарын алып үлгергендерешкімнің елден пияз өнімдерін шығара алмайтынын ескертпеді деп отыр. Қазір көбінің жанармайы таусылып, тоңазытқыштары тоқтан ажыратылғандықтан бар өніміміз бүлініп қала ма деп қорқады.
ЖАМШИД НАСРИДИНОВ, жүк көлік жүргізушісі:
– Біз енді өтіп кетуіміз керек емес пе? Әлде үйге қайтамыз ба? Біз қанша қаражат жұмсап жолға шықтық. 2 мың километр жүріп келдік. Бізді енді өткізіңіздер. Біз Ресейге мына өнімдерді жеткізіп беруіміз керек.
Ал ауыл шаруашылығы министрлігінде экспортқа тыйым салынатыны жөнінде кәсіпкерлерге он күн бұрын ескертілгенін айтады. Сондықтан ертерек қамдана алмаған өздерін кінәлайды. Енді тыйым салынғаннан кейін артқа қайтудан басқа амал жоқ дейді.
ДАМИР АСПАН, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:
– Сол күннен бастап шаруалар да, саудамен айналысатын азаматтардың өздері де сол кезде қамдана бастауы керек еді. Қазіргі жағдай бойынша бұйрық қабылданған күнге дейін ғана тауар шығарылды. Енді одан кейінгі барлық пияз тиеген көлік шекарадан аса алмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан пиязды ішкі нарықта сату туралы түсініктемелер берілді.
Сондықтан министрлік солтүстік және батыс өңірлерде пиязға деген сұраныс үлкен екенін ескеріп, кәсіпкерлерге өз өнімдерін жергілікті нарыққа шығаруға кеңес береді. Ол үшін әкімдіктермен келіссөздер жүргізуге көмектесуге дайын екен.








Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -
Facebook -
Instagram -
Vkontakte -
TikTok - @informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет. Будьте первым кто оставит комментарий.
RSS